Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
«ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Баршаңызды еліміздің ең маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Ата заң - тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің дамуы мен гүлденуінің негізі. Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осы уақыт ішінде құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Конституция Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді. Биыл 5-маусымда қазақстандықтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілген өзгерістерді қолдап, елдің тұтастығы, кемел келешегі үшін дауыс берді.
Біздің түпкі мақсатымыз - еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, оның өркендеуі мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға жол ашу. Болашақ ұрпағымыздың өмірін берекелі ететін бұл мақсатқа бірлігімізді сақтай отырып, асқан табандылықпен қол жеткізе аламыз. Конституцияда бұл үшін барлық алғышарттар бар!»
------------—
Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек поздравил казахстанцев
с Днём Конституции
«УВАЖАЕМЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ!
Поздравляю вас с самым главным праздником нашей страны – Днем Конституции Республики Казахстан!
Основной закон страны является прочной основой развития и процветания государства. Двадцать семь лет назад, 30 августа 1995 года, на всенародном референдуме была принята Конституция нашей страны. За это время установилось правовое государство, проведены крупные реформы во всех сферах деятельности. Наша страна добилась огромного прогресса в создании экономически развитого, политически стабильного государства, стала авторитетным игроком на международной арене. 5 июня 2022 года большинство казахстанцев проголосовали за внесение поправок в Конституцию, за единство и стабильность в стране.
Наша цель - укрепить независимость страны, создать условия для дальнейшего процветания страны и улучшения жизни всех казахстанцев. В Конституции Казахстана для этого есть все предпосылки!»